аттестатталатын педагогтар үшін қосымша тестілеу күндері

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті педагогтердің тестілеуді тапсыру үшін 2023 жылғы 15-16 сәуір және 22-25 сәуірді қоса алғанда қосымша күндер ашылатынын хабарлайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығымен өзгерістер енгізілді) бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 88-тармағына сәйкес тестілеуден өту кезінде жеткілікті балл алмаған педагогтер 2023 жылғы 6-19 шілде аралығында қайта тестілеуден өтуге құқылы.
Осы педагогтер бойынша аттестаттау комиссияларының қорытынды отырысын 2023 жылғы 15 тамызға дейін өткізу қажет.
Жоғарыда аталғанның негізінде тестілеуді өткізудің қосымша күндері туралы педагогтерді уақтылы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау қажет.