Инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы

Лисаков қаласының "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Ашылу салтанатына Лисаков қаласы әкімінің орынбасары С. Ж. Шаймұрынов және Лисаков қаласы білім бөлімінің басшысы Е. А. Бурдыка қатысты.
Кабинеттің қызметі қолжетімді түзету-дамыту ортасын құруға бағытталған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 12 бала сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді алатын болады. Кабинеттің ашылуымен мамандар (логопед, дефектолог, психолог, педагог-ассистенттер) инновациялық оқу жабдықтарын қолдана отырып, диагностикалық түзету, дамыту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.